28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБҚО тұрғыны тыйым салынған темекі өнімдерін заңсыз саудалағаны үшін сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орал тұрғыны екі өлшемді цифрлық таңбасы жоқ шетелде өндірілген темекі өнімдерін қомақты сомаға сатқан.
Осы факті бойынша тергеуді ҚМА Батыс Қазақстан облысындағы департаменті аяқтады.
Заңсыз темекі өнімдерінің жалпы саны 94 млн теңгеден асатын 136 мыңнан астам қорапты құрады.
Аталған азамат 2023 жылдың мамыр айында Біріккен Араб Әмірліктері мен Германияда өндірілген екі өлшемді цифрлық белгісі жоқ түрлі маркадағы темекі өнімдерін сатып алғаны анықталды.
Бұл ретте ол екі өлшемді цифрлық таңбасы жоқ темекі өнімдерінің айналымына тыйым салатын «Темекі бұйымдарын өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының және Салық кодексін бұза отырып, аталған өнімдерді Орал қаласындағы әртүрлі сауда орындарында өткізген.
Сот оны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті, ал «темекі» заттай айғақтары мемлекет кірісіне айналдырылды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?