23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБатыс Қазақстан облысының Бөрілі ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акции аясында «Жанға жылу» қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл игі бастама аясында орталық мамандары Аралтал шағынаудаданы көшелерді қардан тазартып жүрген кіші қызметкерлерге құрмет көрсетіп, оларды ыстық шай мен бауырсақпен қуанты.
Қыс мезгілінде қаланың тазалығы үшін күннің суығына қарамастан еңбектеніп жүрген коммуналдық қызметкерлерге алғыс білдіру махсатында өткізілген бұл шара ел ішіндегі қайырымдылық пен жанашырлықтың жарқын үлгісі болды. Шара барысында жастар белсенділеры еңбек адамдарының жұмысына құрмет білдіріп, олардың күнделікті қызметінің қаншалықты маңызды екенін атап өтті.
Аралтал шағынауданында көшелерді қардан тазалап жүрген қызметкерлер үшін бұл күтпеген сый болды. Олар өздеріне көрсетілген құрмет пен ықыласқа ризашылықтарын білдіріп, осындай игі шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Жастар ресурсық орталығы алдағы уақытта да осындай бастамаларды жалғастырып, қоғамдағы түрлі сала мамандарына құрмет көрсету шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Акция «Жанға жылу» – тек бір реттік шара емес, адамдардың бір-биріне деген қамқорлығын арттыратын игі дестүрге айналмақ.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады