26 Маусым, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Батыс Қазақстан облысында қоршаған ортаны жаңғыртуға және аумақтарды абаттандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Бүгін Д.Елеусінов атындағы оқушылар сарайында мектеп оқушыларының қатысуымен экологиялық сынып-сағаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы еліміздің барлық өңірлерінде жалғасып, жалпыұлттық эко-челленджге айналды. Бұл бағыттағы іс-шараларға еріктілер мен белсенді студенттер ғана емес, сонымен қатар әртүрлі мекемелердің қызметкерлері де қатысып келеді. Экологиялық сынып-сағатымыздың мақсаты – салауатты экологиялық сананы қалыптастыру, қоршаған ортаны сақтау қажеттілігін өскелең ұрпаққа жеткізу, еліміздің тазалығына бірлесіп ат салысу», - деп Фариза Сұлташева, БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілі атап өтті.
Бүгінгі таңда санитарлық жұмыстарға 148 мыңнан астам тұрғын және 4 мың мекеме мен кәсіпорын қатысты. Акция аясында 76 мыңнан астам аула, оның ішінде 2508 көпқабатты үйдің аумағы және 74 мыңнан астам жеке тұрғын үйдің аумағы жиналды.
Сондай-ақ, 231 саябақ пен скверді абаттандыру жұмыстары жүргізілді, 63 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды, 6 мыңнан астам тротуар плиталары жөнделді. 1221 әлеуметтік нысанның аумағы мен 1251 тарихи-мәдени ескерткіштің аумағы тазартылды.
Экологиялық іс-шараларды өткізу үшін 1810 бірлік техника жұмылдырылды, соның арқасында 61 750 тонна қоқыс шығарылды. Бұдан басқа, "Ғарыш сапары" АҚ анықтаған 192 заңсыз қоқыс үйінділерінің 158-і жойылып, қалған 34 қоқыс үйіндісін жою жұмыстары жалғасуда.
26 Маусым, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?26 Маусым, 12:33
Grand Prix: Ғұсман Қырғызбаев пен Хифуми Абе финалда күреседі25 Маусым, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер