Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБатыс Қазақстан облысында қар шығару, қар суын сору, қаптарды толтыру және төсеу, сондай-ақ, өзендерде ойық ою, мұз кесу мұз кесу, жару жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстарға әскерилер жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс құтқарушылары мен ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Бәйтерек, Сырым және Қаратөбе аудандарында қаптарды толтыру және төсеу жөніндегі жұмыстарды жалғастырып жатыр.
Ведомство мәліметінше, бүгінгі күнге дейін барлығы 935 мың текше метрден астам қар шығарылып, 160 мың текше метрден аса су сору, 13 мыңнан аса ойық, 4 700 метрдей мұз кесу, 9 700-дей инертті материалдармен қаптарды төсеу жұмыстары атқарылды.
Жалпы ауданы 3 900 шаршы метр учаскеде мұз қабатын әлсірету және кептеліс құбылыстарын болдырмау үшін жарылыс жасалды.
Айта кетсек, облыстық ТЖД жанынан облыстық жедел штаб құрылып, 8 (711) 2 55-40-77, 55-40-88 немесе «112» телефон номерлері бойынша қауырт желі жұмыс жасауда.
Құтқарушылар өзендердегі су деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Облыс бойынша жағдай бақылауда.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?