Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБатыс Қазақстан облысында су тасқынына дайындық аясында 18 гидротехникалық құрылыс жөнделді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылы Батыс Қазақстан облысында 19 гидротехникалық құрылысты жөндеу басталды. Бүгінгі таңда 18 нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары бітті, бір нысанды жөндеу осы жылдың сәуір айына дейін аяқталады.
Бұдан бөлек, 3 су қоймасын (Жаңа өмір, Ұзынкөл, Кемер) және 2 бөгетті (Успен, Бесағаш) жөндеу жұмыстарын мәресіне жеткізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, 58 жылда алғаш рет Киров су қоймасына кешенді реконструкция жасалды. Бүгінгі таңда Үлкен Өзен және Кіші Өзен өзендерінде су қоймаларын салуға, сондай-ақ Бітік, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларын реконструкциялауға дайындық жүріп жатыр.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарынан бөлек, биыл облыста 9 су қоймасына көп факторлы зерттеу жүргізу жоспарланып отыр.
Облыстық «Қазсушар» филиалы өңірдегі су қоймаларында бос сыйымдылықтарды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізді. Су деңгейіне тұрақты мониторинг және тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі. Сондай-ақ ресейлік әріптестерімізбен тұрақты ақпарат алмасудамыз, - деді Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Рауан Хусаинов.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?