6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБатыс Қазақстан облысында заңсыз берілген жер телімдері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратура мәліметінше, Бәйтерек ауданында жалпы ауданы 45,9 гектар жер телімдері бау-бақша және саяжай құрылысына сатып алу құқығымен азаматтардың жеке меншігіне заңсыз берілген. Учаске бағасы өз құнынан жүз есе төмен бағамен сатылған.
Учаскені жеке меншікке беру кезінде белгіленген төлемнің базалық мөлшерлемесі негізсіз төмендетілгені, осылайша учаскелер 1,1 млн теңге көлемінде төмен бағамен сатылғаны анықталды, ал нақты бағасы 107,3 млн теңгені құрады, - делінген мәліметте.
Аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығына қатысты қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді (ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармақ) жүргізді.
Қылмыстық іс аудандық сотқа жіберілді.
2024 жылдың 16 қыркүйегінде сот сотталушыны кінәлі деп тауып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.
Мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы талап толығымен қанағаттандырылды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі