Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБатыс Қазақстан облысында қожалық басшысы қала тұрғындарын құлдықта ұстаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәліметінше, жағдай Ақжайық ауданында анықталды.
Департаментке шаруа қожалықтарының бірінің басшысы еңбекке пайдалану үшін Орал қаласының тұрғындарын заңсыз ұстағаны жөнінде жедел ақпарат түскен.
БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында аталған дерек расталды. Соның нәтижесінде Орал қаласының бірнеше тұрғыны полицияға арызбен жүгінді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы 3-бөлігіне (бас бостандығынан заңсыз айыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды, - деп хабарлады полиция.
Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары