7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты азаматша В-ға қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, әйелдің 2022 жылдың қыркүйегінде алған Ресей Федерациясының азаматтығы бар екені анықталған, алайда ол бұл туралы уәкілетті органдарға уақытылы хабарламаған.
Іс ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 496-бабы 2-бөлігіне (өзге мемлекеттің азаматтығы туралы уәкілетті органдарға хабарламау) сәйкес қозғалған.
Сотта азаматша шетел азаматтығын алғаннан кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын хабарлау жөніндегі заңмен бекітілген міндетін орындамағаны белгілі болды.
Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады, бұл жағдай сотпен жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді.
Барлық мән-жайларды ескере отырып, сот В-ны аталмыш кодекстің 496-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 393 200 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?