6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер«Теректі - таза су» лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО-дағы Теректі аудандық сотымен «Теректі - таза су» мемлекеттік кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты үкім шықты. Сот үкімімен кәсіпорын директоры 7,5 жылға және бас бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Антикор мәліметінше, екеуі де өзіне және ұйым қызметкерлеріне жалақыны артық аудару, сондай-ақ жеткізушілерге нақты орындалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражатын негізсіз аудару арқылы 162 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды.
Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды, - делінген мәліметте.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі