15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБҚО Бөрлі ауданында көліктен екі қап еліктің еті анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, БҚО Бөрлі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері 2 қараша күні сағат 20:20 кезінде Утвинка ауылынан 500 метр қашықтықта Toyota Hilux автокөлігін тоқтатқан.
Тексеру барысында автокөліктің салонынан бөлшектелген екі қап еліктің еті, тегіс ұңғылы қосауыз мылтық және оқ-дәрілер тәркіленді. Қосымша тексеру барысында аталған ауылдың батыс бағытында жануардың 2 басы, терісі және аяқтары табылды, - делінген мәліметте.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған 2000 ж.т., 1983 ж.т., 1986 ж.т., 1977 ж.т. азаматтар бұл әрекеттерін аң аулауға шыққандарымен түсіндірді.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады