13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызБҚО полицейлері облыс тұрғындарын 100 миллионнан астам теңгеге алдаған алаяқты қолға түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орал қалалық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының 42 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өзін құрылыс саласының маманы, пәтерлердің иесі немесе делдал ретінде таныстырып, пәтерлерді сатып, ресімдеумен айналыса отырып, облыс тұрғындарының ақшалай қаражатын иемденген. Мәселен, Жаңақала ауданының тұрғыны 2022 жылы оған 30 миллион теңге қаражатын аударса, Орал қаласының тұрғыны 2020 жылы үйді ресімдеу үшін 27,5 миллион теңге ақшасын берген. Облыс тұрғындарына келтірілген залал сомасы 100 миллион теңгеден асады. Алаяқтық фактісі негізінде 7 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті тұрғындарға қырағы болуды және бейтаныс және тексерілмеген адамдарға сенбеуді сұрайды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды