Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыБҚО-да 10 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған мекеме заңгері 3 жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік секторда шенеуніктердің, соның ішінде мекеме есепшілерінің бюджет қаржысын жымқыруы тыйылмай отыр.
БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Ерсайын Жұмабаевтың мәлім еткеніндей, Теректі ауданында алаяқтық жасады деп айыпталған мемлекеттік мекеменің бас маманына (заңгеріне) қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды.
Оның сөзіне қарағанда, әйел қызметтестерінің сеніміне кіре отырып, ірі көлемде қаржы жымқырған. Атап айтқанда, басшылықтың өкімімен расталмаған өзінің сыйақысы, іссапарлар мен үстемеақы туралы жалған деректер беріп, соның нәтижесінде оның «Қазақстан Халық банкі» АҚ-дағы есепшотына қаржы негізсіз аударылған. Салдарынан мемлекетке 10 млн астам теңге залал келтірілген.
Теректі аудандық сотының үкімімен заңгер ҚР ҚҚ 190-бабы 3-бөлігі 1, 2-тармақтарына сәйкес кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеусіз, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сонымен қатар ол белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Қазіргі таңда осыған ұқсас істер департаментте тергеліп жатыр, - деді Е.Жұмабаев.
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?