Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыБатыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев облыстық құрылыс басқармасы мен аудан әкімдеріне су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға салынатын үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің мәліметінше, аудандарда құрылған арнайы комиссиялар су тасқыны шығындарын анықтау бойынша қажетті жұмыстарды жүргізуде.
Мемлекет басшысының зардап шеккен тұрғындарға салынатын тұрғын үйлерді уақытында аяқтау жөніндегі тиісті тапсырмасы бар. Сондықтан құрылыс жұмыстарын жеделдету қажет. Сырым, Бөрлі, Қаратөбе, Теректі аудандарында құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс басқармасы мен аудандардың әкімдеріне барлық жұмыстарды уақытылы аяқтап, тұрғын үйлердің сапасына баса назар аударуды тапсырамын,- деп атап өтті облыс әкімі.
Жаңа тұрғын үйлер салу үшін жер учаскелері белгіленіп, мердігер компаниялар анықталып, құрылыс жұмыстары басталды.
Құрылыс жұмыстарын бақылау облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес салаға жауапты орынбасарына тапсырылды.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді