Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПремьер-министрдің тапсырмасы шеңберінде Астанада өткен Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб отырысынан кейін вице-премьер Қанат Бозымбаев Ұлытау облысына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлытау ауданының Қаракеңгір және Сарыкенгір өзенінің арнасы, Малшыбай, Бозтұмсық, Қорғасын ауылдары, Қараторғай өзенінің арнасын Қостанай облысының шекарасына дейін аралап шығып, Кененбай және Қарсақпай бөгеттерінің жай-күйіне тексеру жүргізді.
Сондай-ақ вице-премьер Сарысу өзенінің бойында орналасқан Жыланды және Жаңабас елді мекендерін аралап, Кеңгір және Жезді су қоймаларында болды, Жезді өзені арнасының жағдайын тексерді, онда санация, арнаны тазарту және жағалауды нығайту (2 шақырым) жүргізілуде. Инспекция барысында Қанат Бозымбаев өзендегі барлық қажетті жұмысты аяқтап, Жезді ауылындағы қорғаныс бөгеттерін көтеруді тапсырды.
Құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарының жедел ден қоюға дайындығын, отын, азық-түлік және медициналық құралдар резервтерін дайындауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары