Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚазақстанда пластик бөтелкелер мен алюминий банкаларды қайта өңдеуге тапсыруға арналған фандоматтар желісі кеңейіп келеді. «Жасыл даму» АҚ мен Sparklo компаниясының бірлескен жобасы аясында тұрғындар фандоматтарға 5 миллионнан астам бөтелке мен банка тапсырған. Бағдарламаға 100 мыңнан астам адам қатысқан.
Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Көкшетау, Ақтөбе және басқа да қалаларда 46 фандомат жұмыс істеп тұр. Құрылғылар сауда орталықтарында, кеңселерде, мектептерде және қоғамдық орындарда орналастырылған. Олардың қатарында Астананың Орталық саябағы да бар.
Фандоматтардың тұрғындардың күнделікті жүріп-тұратын орындарына қойылуы қайта өңдеуге арналған қалдықтарды тапсыруды жеңілдетеді. Мәселен, азаматтар бөтелке мен банкаларды жұмысқа бара жатқанда, дүкенге кіргенде немесе серуендеу кезінде өткізе алады.
Фандомат қалай жұмыс істейді?
Құрылғылар пластик бөтелкелер мен алюминий банкаларды машиналық оқыту технологиясының көмегімен автоматты түрде таниды.
Тұрғын тапсырған әрбір ыдыс үшін Sparklo мобильді қосымшасында ұпай есептеледі. Жиналған ұпайларды жоба серіктестері ұсынатын түрлі жеңілдіктер мен бонустарға айырбастауға болады.
Жоба авторларының айтуынша, мұндай ынталандыру жүйесі тұрғындардың қалдықтарды бөлек жинауға тұрақты түрде қатысуына ықпал етеді.
Жоба қалдықтарды бөлек жинау жүйесін дамытуға бағытталған. Сонымен қатар ол Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасының мақсаттарына сәйкес келеді.
«Жасыл даму» АҚ мен Sparklo арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – қайталама шикізатты тапсыруды тұрғындар үшін қолжетімді ету және қалдықтарды қайта өңдеуге жіберу мәдениетін қалыптастыру.
Жобаға Zero Waste компаниясы да қатысады
Фандоматтар желісін дамытуға қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау операторы Zero Waste компаниясы да атсалысып отыр.
Компанияның қатысуымен қазіргі уақытта 9 фандомат орнатылған. Сонымен қатар Ақтау қаласында жергілікті серіктеспен бірлесіп тағы 5 фандомат орналастыру жоспарланып отыр.
Алдағы уақытта «Жасыл даму» АҚ мен Sparklo фандоматтар желісінің географиясын кеңейтіп, құрылғылар санын арттыруды жоспарлап отыр.
Бұл тұрғындарға күнделікті бағыттары бойынша пластик бөтелкелер мен алюминий банкаларды қайта өңдеуге ыңғайлы жерлерде тапсыруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Sparklo – Біріккен Араб Әмірліктерінде құрылған халықаралық технологиялық компания. Компания пластик бөтелкелер мен алюминий банкаларды жинауға арналған фандоматтарды әзірлеп, өндіреді. Сондай-ақ пайдаланушыларды ынталандыру жүйесін дамытады.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?