«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс

«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс

Айзат Айдарқызы
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Астана қаласының әкімдігі қалада саябақтар, гүлзарлар мен өзге де қоғамдық орындарда абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау күшейгенін хабарлады. Қала әкімдігінің мәліметінше, Ботаникалық бақ аумағында пикник ұйымдастыруға тыйым салынған.  

фото: Артем Чурсинов/ El.kz
фото: Артем Чурсинов/ El.kz

Әкімдік «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды профилактикалық рейдтер басталғанын хабарлады. Алғашқы рейд Ботаникалық бақта өтті. Алдағы уақытта мұндай тексерулер елорданың саябақтары, гүлзарлары мен басқа да қоғамдық орындарында тұрақты жүргізіледі.

фото: Артем Чурсинов/ El.kz
фото: Артем Чурсинов/ El.kz

Рейд барысында абаттандыру қағидаларын сақтау, заңсыз сауданың жолын кесу және балаларға арналған электр көліктерін рұқсатсыз жалға беру фактілерінің алдын алу жұмыстары жүргізілген. 

фото: Артем Чурсинов/ El.kz
фото: Артем Чурсинов/ El.kz

Есіл ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Алдауовтың айтуынша, тұрғындарға Ботаникалық бақ аумағында қоқыс қалдыруға және пикник ұйымдастыруға болмайтыны түсіндіріліп жатыр.

«Ботаникалық бақ – ойын-сауық саябағы емес. Мұнда сирек кездесетін өсімдіктер өседі. Бұл жерге тұрғындар серуендеп, таза ауамен тыныстау үшін келеді. Егер заң бұзушылық қайталанса, полиция қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартады», – деді ол.

фото: Артем Чурсинов/ El.kz
фото: Артем Чурсинов/ El.kz

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері Ботаникалық баққа іргелес аумақта абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 700-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес, мұндай құқық бұзушылық үшін ескерту жасалады немесе 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Ал рұқсат етілмеген жерде сауда жасағаны үшін 300-ден астам адам жауапқа тартылған.

фото: Артем Чурсинов/ El.kz
фото: Артем Чурсинов/ El.kz

Фоторепортаж барысында Ботаникадық бақта су тазарту жұмысы жүріп жатқанын көрдік. Рейдтен кейін мұнда қызу жұмыс басталғандай. Қоқыс теру, абаттандыруға көшкен. 

фото: Артем Чурсинов/ El.kz
фото: Артем Чурсинов/ El.kz

Бірақ тұрғындар саябақта пикник жасауға тыйым салғанына қапалы. 

Ботаникалық саябақта пикник жасауға тыйым салу дұрыс емес. Қазір далада аптап ыстық. Халық өзен жағасында отырып, салқындағысы келеді. Қоқысты жинап, әкелген затына мұқият қарайтын тұрғындар бар, – дейді қала тұрғыны. 

фото: Артем Чурсинов/ El.kz
фото: Артем Чурсинов/ El.kz

Қала әкімдігі мұндай рейдтердің Ботаникалық бақта қайта  жалғасатынын атап өтті.

Оқи отырыңыз

{