23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бостандыққа шығатын педофилдерді өмір бойы бақылауда ұстауды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірнеше апта бұрын маңызды заңды қабылдадық. Бұл – педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру. Енді олар өмір бойы түрмеде отыруы керек. Бірақ бұл норма осының алдында сотталған педофилдерге қатысты емес. Яғни енді алдында сотталғандар бірте-бірте бостандыққа шыға береді, - деді мәжілісмен.
Дегенмен депутат бұл жағдайды да ескере отырып бір норманы ұсынғанын атап өтті.
Бостандыққа енді шығатын педофилдерге әкімшілік қадағалау немесе пробациялық бақылауды енгізу. Бұл дегеніміз – бостандыққа шығатын педофилдерді енді өмір бойы бақылауда ұстау, олар қайда жұмыс істейді? Қай жерде тұрады? Тіпті, керек болса, мұны картаға шығарып қою дегендей. Бұл азғындар ешқашан өзгермейді. Оны мен айтып жатқан жоқпын, мұны ғылым көрсетіп отыр. Бұл норма неге қолданылмады? Біз сонда кімді қолдап отырмыз? - деді Асхат Аймағамбетов.
Естеріңізде болса, бұған Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова кәмелетке толмаған баланы өлтіргендер өмір бойына сотталатынын мәлімдеген.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік