Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАбай облысында жергілікті атқарушы орган және ТЖ бөлімінің күшімен Бородулихадағы су басу қаупі жойылды. Еріген қар суының кесірінен Қонаев көшесін су басу қаупі төнген болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ЖАО мен ТЖ бөлімі жедел әрекет етіп, қабылданған шаралардың, соның ішінде мотор сорғысының көмегімен суды сорып және арнаны бұру арқасында су деңгейі төмендеді. Қазір су басу қаупі жоқ.
Қызыл суға қарсы дайындық кезінде аудан аумағында қар шығарылып, 268 су өткізу құбыры мен 16 көпірді тазарту жұмыстары атқарылды. 42,2 мың текше метрден астам қар шығарылды. Аудан бойынша 370 тонна инертті материал төселіп, 9 мың текше метрден астам су сорылды. Бұл жұмыстарға 140 адам және 30 техника жұмылдырылды.
Ауданда еріген қар суын шығару жұмыстары жалғасады.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс