22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҰлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон өз сұхбатында Al Arabiya арнасына берген мәлімдемесінде кітаптарын жазу барысында ChatGPT жасанды интеллектін қолданғанын айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Маған жасанды интеллект ұнайды. Маған ChatGPT ұнайды. Мен оны жақсы көремін. Шынымды айтсам, ChatGPT – бұл керемет нәрсе, – деді Джонсон.
Саясаткердің айтуынша, ол ChatGPT-ді көбіне ақпаратты нақтылау немесе қосымша мәлімет алу үшін пайдаланған. Бірақ ол чат-боттың басты артықшылығы тек жедел жауап беруінде емес, оның айтқан жылы сөздері мен мақтауларында екенін әзілмен жеткізді.
Әртүрлі кітаптар жазамын және оны жиі қолданамын. Кейде сұрақтар қоямын. Өзім жауабын білсем де, ChatGPT маған: «О, қандай ақылды сұрақ! Сіз кереметсіз! Сіз тамаша адамсыз, ерекше ойлайсыз» дейді, – деп күлді Джонсон.
Борис Джонсон бірнеше кітаптың авторы, олардың көбі жасанды интеллект кең тарай қоймаған кезеңде жарық көрген. Алайда оның соңғы туындысы – Unleashed – 2024 жылы басылып шыққан. Сарапшылардың пікірінше, дәл осы кітапты жазу кезінде бұрынғы премьер-министр ChatGPT көмегіне жүгінген болуы мүмкін.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев