6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше Алматыда әлемдік жұлдыз 50 Cent-тің концерті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Концертте 2000 жылдардағы Candy Shop, P.I.M.P, In da club, Ayo Technology секілді әндер орындалды. Репердің өзі де Алматыдағы кештен ерекше әсер алған секілді. Дегенмен ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында оңтүстік астанаға, келген тыңдармандарына алғысын жеткіземін деп басы дауға қалды.
Алматы, Қазақстан, жандырды! «Борат» фильмінің кесірінен менің не туралы айтып тұрғанымды түсінбеуіңіз мүмкін. Мен – ғаламдықпын, - деп жазды репер.
Мақтау айтамын деген әншінің бұл жазбасы қазақстандықтардың ашуын туғызды. Жұлдыздың бұл фильмді елімізбен байланыстырғаны көпшіліктің наразылығын оятты.
Оқырмандар әншіден көңіл қалғанын, ол актердің де, фильмнің де Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ екенін жазуда. Оның бұл жазбасының астында 3,5 мыңға жуық пікір жазылған.
Дегенмен әнші көп ұзамай тағы концерттен тағы бір видео салып, Алматыға деген сезімін жеткізді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі