Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕлордада мемлекеттің гендерлік саясатын жетілдіру мақсатында Қазақстанның еңбекші әйелдерінің І форумы ұйымдастырылды. Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Іс шара барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Ақтөбе облыстық шұғыл медициналық бекетінің аға фельдшері Сая Ыбырайқызын «Еңбек озаты» төсбелгісімен марапаттады.
Фото:Арман МҰХАТОВ
Естеріңізге сала кетсек, ақпан айында әлеуметтік желі қолданушыларын қолайсыз ауа райына қарамастан, қызметіне адалдық танытқан медицина қызметкерлерінің ерлігі тәнті еткен болатын. Олар ақтүтек боранда жаяу қар кешіп, жүрек талмасы ұстаған науқасқа барып, қажетті ем-домын жасаған еді.
Біздің бейнеролик әлеуметтік желілерге тарап, халық сүйіспеншілігіне бөленеміз деп ойламаған едім. Бүгінгі іс шараға Кәсіподақтар федерациясы арнайы шақыртып, күтпеген жерден төсбелгі тақты. Қуаныштымын. Еңбекші әйелдер форумы нәтижесінде лайықты деңгейде шешімдер қабылданады деген ойдамын,-деп ағынан жарылды ержүрек ару.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады