18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Ақ түтек боранда жоғалып кеткен ШҚО тұрғыны 16 сағат далада болған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Шемонаиха ауданының полицейлері боран кезінде жоғалып кеткен ер адамды Усть-Таловка ауылының маңынан тапты. 5 қаңтарда сағат 15:10-да Шемонаиха АПБ жедел арнасына аудан тұрғынынан хабарлама келіп түскен. Ол 5 қаңтарда таңғы сағат 04:00 шамасында оның 37 жастағы туысы көрші Заречное ауылында орналасқан Усть-Таловка ауылынан үйіне кетіп қалғанын хабарлаған. Алайда 9 сағат бойы ер адамның жүрген жері белгісіз болған. Ол тек туыстарына қоңырау шалып, боранның салдарынан адасып кеткенін және осы уақыт ішінде бағананың жанында айналып жүргенін, одан басқа ештеңе көрмейтінін, телефонның қуаты таусылуға шақ қалғанын хабарлаған. Аталған факті белгіленген тәртіпте тіркелген.
Іздеу жұмыстарына Шемонаиха АПБ барлық жеке құрамы, құтқарушылар, аудан әкімдігінің қызметкерлері, жеке қарда жүретін көлігі бар Усть-Таловка ауылының тұрғыны Евгений Павлов қосылды. Бес сағаттық бірлескен жұмыстан кейін сағат 20:00-де Шемонаиха ауданы ПБ ӘПБ жол және техникалық инспекциясы тобының аға мемлекеттік автоинспекторы Айбек Нағұманов мен Евгений Павлов жергілікті жерді жақсы білгендіктен, Усть-Таловка кентінен 1,5 шақырым жерде далада қалып қойған ер адамды аман-есен іздеп тапты. Шемонаиха ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұржан Түгелов атқарылған жұмыстары үшін Айбек Нағұманов пен Павлов Евгенийге алғыс білдіріп, грамотамен марапаттады.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр