Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШымкентте полиция қызметкерлері азаматтардан ақша бопсалаумен айналысқан топтың қылмыстық әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қылмыстық топтың құрамында екі қыз және үш жігіт болған. Полицияға арызданған жәбірленушінің айтуынша, топ мүшелері оны ұрып-соғып, 800 мың теңге қаражатын алған. Жедел шаралар барысында күдіктілер алдын ала жоспарланған схема бойынша әрекет еткені белгілі болды.
Қыздар әлеуметтік желі арқылы ер адамдармен танысып, сеніміне кіріп, жалдамалы пәтерлерге кездесуге шақырған. Кездесу барысында пәтерге олардың сыбайластары баса-көктеп кіріп, өздерін қыздардың туыстары, ағалары немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. “Мәселені шешу” сылтауымен олар жәбірленушілерді ұрып-соғып, ақша талап еткен. Аталған жайттар бойынша қылмыстық істер қозғалды. Барлық күдікті ұсталып, қамауға алынды, - деп жазылған ІІМ мәліметінде.
Ұсталғандардың ұялы телефондарың тексеру кезінде осыған ұқсас өзге де қылмыстардың деректері анықталды. Қазіргі уақытта басқа да жәбірленушілерді анықтау және барлық заңсыз әрекетті құжаттау жұмыстары жалғасып жатыр.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары