Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтыраулық полицейлер кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қылмыстық топты 6 желтоқсан күні ұстады. Олар жеке кәсіпкерлерден 10 млн теңге қаражатын бопсаламақ болған.
Полицейлер 1991 ж.т., 1996 ж.т., 1996 ж.т. және 1998 ж.т. күдіктілер тобын 2 млн 600 мың теңге алу кезінде ұстады.
Олардың деструктивті діни ағым өкілдері екендігі анықталды. Жәбірленушілерді наурыз айынан бері бопсалап, әрқайсысынан 5 миллионға жуық ақша қаражатын иемденбек болған.
Күдіктілер ұсталып, басқа да қылмыстарға қатысы бар екендігі анықталуда.
ҚР ҚК-нің 194-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?