23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астана қаласының мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деп айыпталған экс-шенеунік 8 жарым жылға сотталды. Сонымен қатар ол барлық наградасынан айырылды.
Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Азамат Тоқтарбай Мажағұловты 10 жылға қамауды сұраған.
Болат Мажағұловты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі көлемде иемдену немесе талан-таражға салу") бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын, - деген еді ол.
Сонымен қатар осы іс бойынша инженер Мәди Қанапин 3,6 жылға бас бостандығынан айырылды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік