Бүгiн, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Алматы қаласында журналистика факультетінің студенттерінің қатысуымен медиасалада жасанды интеллект құралдарын қолдану тақырыбындағы білім беру тренингтері аяқталды. Бір апта ішінде қаланың жетекші жоғары оқу орындарында ұйымдастырылған оқуға 100-ге жуық студент қатысты.
Тренингке қатысушылар түрлі цифрлық платформаларға арналған контент әзірлеу, ақпараттың дұрыстығын тексеру (фактчекинг), деректерді талдау және редакция жұмысында цифрлық құралдарды пайдалану бойынша білім алды.
Сонымен қатар мультимедиалық журналистика, медиаэтика, әлеуметтік желілермен жұмыс істеу және контентті дайындау мен ілгерілетуде жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Бағдарламаның басты ерекшелігі оның тәжірибеге негізделген форматында болды. Сабақтарды ірі компаниялар мен мемлекеттік ұйымдарға арналған жасанды интеллект шешімдерін әзірлеуге және енгізуге қатысып жүрген сарапшылар жүргізді. Оқу барысында студенттер нақты тәжірибелік жағдайларды талдап, заманауи редакциялардың жұмыс тәсілдерімен танысты және практикалық тапсырмалар орындады.
«Жасанды интеллект журналист мамандығыналмастырмайды. Алайда ол фактіні тексеруге, өзіндіккөзқарасқа және кәсіби жауапкершілікке мән бермейтінжурналистиканың құнын төмендетеді. Алгоритм мәтін жазаалады, бірақ оның нақтылығына немесе жарияланымсалдарына жауап бермейді. Бұл – журналистің міндеті. Сондықтан болашақ мамандар жаңа құралдарды меңгеріпқана қоймай, оларды қай кезде және қалай қолданукеректігін, сондай-ақ олардың мүмкіндіктері мен шектеулерін жақсы түсінуі қажет», – деді «Кселл» АҚ-ның(Kcell және activ брендтері) PR бөлімінің басшысы Байрам Азизов.
Жоба Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпаратминистрлігі мен «Кселл» АҚ арасындағы ынтымақтастықтуралы меморандум аясында жүзеге асырылды. Бұлтренингтер компанияның Қазақстандағы журналистерқауымдастығының кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталғанбастамаларының жалғасы болды.
Айта кетейік, өткен жылы компания өңірлік бұқаралықақпарат құралдарының өкілдеріне медиасаладағы заманауитехнологияларды қолдану мәселелеріне бағытталған оқытубағдарламасын өткізді. Екі ай ішінде Шымкент, Ақтау жәнеАлматы қалаларында ұйымдастырылған тренингтергееліміздің тоғыз өңірінен 50-ден астам журналист қатысты.
Бүгiн, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары