Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады2023 жылдан бастап шетелдік университет, жұмыс беруші немесе ұйым тарапынан академиялық оқуға гранты бар «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары үшін міндетті еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқартылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Биыл «Болашақ» стипендиясы аясында үміткерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді. Енді конкурсқа шетелдік жоғары оқу орны немесе ұйым тарапынан академиялық оқуға гранты бар үміткерлер де қатыса алады. Мұндай түлектер үшін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында еңбекпен өтеу мерзімі бес жылдан төрт жылға, өңірлерде – үш жылдан екі жылға қысқартылады», - дейді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.
Сондай-ақ ол «Болашақ» бағдарламасы тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру, ұшу, визалық алымдар, оқу материалдарын сатып алу шығындарын өтейтінін атап өтті.
Бұл қазақстандықтарға мүмкіндіктерді кеңейтіп, бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жетекші шетелдік ЖОО-да оқуға гранты бар үміткерлер «Болашақ» бағдарламасының конкурсына қатысу үшін шетелдік университетке өтеусіз негізде қабылданғанын растайтын құжат көшірмелерін ұсынуы тиіс.
Грант бүкіл оқу кезеңі ішінде академиялық оқу ақысын өтеуі керек.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары