Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіШетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 189 қазақстандық халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Биыл конкурстық іріктеу жаңа ережеге сай кезең-кезеңімен өтіп жатыр. Оның аясында кешенді тестілеу және жеке сұхбаттар жүргізілді.
Жаңа стипендиаттардың жалпы санынан 164 азамат – магистратура, 10 азамат докторантурада оқиды. Сондай-ақ 15 азамат әлемнің ең үздік университеттері мен орталықтарында тағылымдамадан өтеді.
Стипендия иегерлерінің тізімі «Болашақ» бағдарламасының ресми сайтында жарияланған: https://bolashak.gov.kz/kz/stipendiya-iegerleri
Естеріңізде болса, бұған дейін ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Гарвардта білім алып жатқан қазақстандық студенттердің жағдайына қатысты пікір білдірген. Себебі АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға ресми түрде тыйым салды.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік