6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерРеспубликалық комиссия шешімімен биылғы жылдың үшінші легінде стипендия 178 адамға тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оның ішінде 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады.
«Болашақ» стипендиясының иегерлері әлемнің 20 мемлекетінде академиялық білім алады және тағылымадаман өтеді. 93 адам АҚШ-тың, 47 адам Ұлыбританияның және т.б. елдердің жоғары оқу орындарында білім алады.
Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Басымдық инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға беріледі.
2023 жылы стипендиаттардың басым көпшілігі инженерлік-техникалық бағыттар бойынша шетелде дайындықтан өтеді.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі