Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Болашақ» халықаралық бағдарламасы қоғам қажеттіліктері мен президенттің ұсыныстарына сәйкес үнемі жетілдіріліп отырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жақында бағдарлама талаптарына бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, ғылыми тағылымдамаға қатысушылар үшін жас шектеулері белгіленді. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Құсманов Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді. Ол Ұлттық құрылтай отырысында Президент сынға алған 78 жастағы тағылымдама қатысушысына қатысты пікір білдіріп, бұған дейін бағдарламада жас шектеулерінің болмағанын, зейнет жасындағы азаматтардың да өтініш бере алатынын айтты.
Алайда Мемлекет басшысының сынынан кейін бұл талап қайта қаралып, тиісті өзгерістер министрдің бұйрығымен бекітілген. Енді ғылыми тағылымдамаға қатысу үшін ер адамдарға – 59 жас, әйелдерге – 57 жас шегі белгіленіп отыр. Бұл өзгеріс ресми түрде күшіне енді және бағдарламаға қойылатын талаптардың нақты әрі әділетті болуына бағытталған қадам ретінде бағаланады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары