Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты3 сәуірде «Болашақ» бағдарламасына өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кімдер жеңілдетілген шартпен қатыса алады?
Инженерлік-техникалық қызметкерлер және медицина мамандары магистр дәрежесін алу үшін конкурсқа жеңілдетілген шарттармен қатысады.
Олардың мерзімі 12 айға дейінгі тегін тілдік дайындықтан өтіп, стипендия тағайындалғаннан кейін тізімнен университетті таңдау мүмкіндігі бар.
Қай мамандар тағылымдамадан өте алады?
«Болашақ» бағдарламасы аясында мамандардың мынадай санаттары тағылымдамадан өте алады:
Инженерлік-техникалық қызметкерлер;
Мемлекеттік қызметшілер;
Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері;
Медицина қызметкерлері;
Мәдениет, туризм және спорт қызметкерлері;
БАҚ қызметкерлері;
Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері.
Еңбекпен өтеу мерзімі қандай?
Академиялық оқыту: Астана, Алматы және Шымкент қалаларында – 5 жыл, өңірлерде – 3 жыл.
Тағылымдама: Қазақстанның бүкіл өңірінде – 3 жыл.
Стипендия мөлшері қандай?
Стипендия мөлшері елге және қалаға байланысты әртүрлі болады.
Стипендияның ең жоғары мөлшері – 2200 АҚШ доллары; ең төменгісі – 800 АҚШ доллары.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды