6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБұл – бакалавриат деңгейінде білім алуға мүмкіндік беретін жаңа бағыт. Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығы жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бағдарлама дарынды мектеп түлектерін қолдауға бағытталған. Іріктеуге тек Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Сондай-ақ үміткерлерден соңғы үш жыл ішінде жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадаларда, халықаралық ғылыми жобалар байқауларында немесе халықаралық орындаушылар конкурстарында I–III орындарға болғанын растайтын диплом талап етіледі.
Шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 225 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Олардың 152-сі магистратурада оқуға жіберіледі, 16 үміткер докторантурада білім алу мүмкіндігіне ие болды, ал 57 қазақстандық әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми-білім беру орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді.
El.kz бұған дейін Қазақстанда ғылыми тағылымдамалар мен «Болашақ» бағдарламасына қатысты ережелер жаңартылғанын да жазған еді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі