22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБүгін Астанада әйелдер арасында бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтуде. Еліміздің былғары қолғап шеберлер Назым Қызайбай мен Дина Жоламан әлем чемпионы атанды.
Назым чемпионаттың 48 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі жекпе-жегінде қытайлық Юянь Вангпен қолғап түйістірді. Ойын тартысты басталып, спортшылар соңына дейін ашық шабуылға шығып отырды. Төрт раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңіске Назым Қызайбай лайық деп тапты. Осылайша Назым Қызайбай екі дүркін әлем чемпионы атанды.
54 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Дина Жоламан болгариялық боксшы Стойка Петровадан басым түсті. 4 раундқа созылған жекпе-жек өте тартысты өтті. Болгариялық боксшы клинчке кіріп, қазақстандық боксшыны шаршатуды көздеген болатын. Алайда,төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Дина Жоламан, бокстан әлем чемпионы:
— Бүгінгі жекпе-жек мен үшін өте ауырға соқты. Ішімде болып жатқан сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оны тек шаршы алаңға шығып сезініп көру керек. Тоғыз жыл бойы бапкеріммен тынбай жаттығып, үлкен еңбек еттік. Бүгін міне соның нәтежиесін көріп отырмын. Мені қолдаған жанкүйерлеріме, жаттықтырушыларыма, мені тәрбиелеп өсірген бокс мектебіме үлкен алғыс айтам. Баршаңызға рахмет!
Сонымен қатар, бүгін әйелдер арасында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында шаршы алаңға қазақстандық спортшылар Валентина Хальзова (69 кг) мен Ләззат Күнгейбаева (81 кг жоғары) шығады.
Рустем Әлпи
Суреттерді түсірген — Нұрбек Әлманбетов
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев