Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы кезекті жаттығу жиынын бастады

22 Маусым, 01:27 873

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиада қарсаңындағы маңызды жиындардың біріне кірісті, деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық  құрама спортшылары Алматы облысындағы Жанашыр ауылында жаттығу жиынын өткізуде. Мұндағы дайындық кезеңі 2 шілдеге дейін жалғасады. Олимпиада қарсаңындағы соңғы жиын да дәл осы базада өтеді деп жоспарлануда. 

Айта кетсек, Қазақстан әйелдер командасы Париж Олимпидасына үш жолдама жеңіп алды. Олар: Назым Қызайбай (50 келі), Карина Ибригаимова (57 келі) және Валентина Хальзова (75 келі).

Перизат Саденова
Бөлісу: