22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБүгін Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан сары құрлық бәсекесінің 5-күні рингке 7 қазақстандық шықты, деп хабарлайды El.kz kazsports.kz-қа сілтеме жасап.
Күндізгі сессияда Жазира Орақбаева оңтүстік кореялық Чавон Кимді ұтып, Азия чемпионатының ширек финала жолдама алды. Қазақстандық боксшы 9 қарашада жапониялық былғары қолғап шеберімен кім мықтыны анықтайды.
Еліміздегі ең олжалы боксшының бірі (Әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері) Жайна Шекербекова (54 кг) жапониялық Нарита Хананы айқын басымдықпен ұтты. Жайна финал жолдамасын 9 қарашада тайпэйлік боксшымен сарапқа салады. Айта кетейік, Жайна 54 келіге дейінгі салмаққа енді ауысты. Ұлттық құрама сапында осы уақытқа дейін бұл салмақта Дина Жоламан өнер көрсетіп келді.
Ал Карина Ибрагимова алғашқы жекпе-жегінде Им Аежиден (Оңтүстік Корея) еш қиындықсыз басым түсті. Есеп: 5-0. Ұлттық құрама боксшысы 57 кг дейінгі салмақтың финалына шығу үшін 9 қарашада филиппиндік былғары қолға шеберімен күш сынасады.
Кешкі сессияда көп жанкүйер асыға күткен Сəкен Бибосынов шаршы алаңға шықты. Жерлесіміз малайзиялық Кайюм Ариффинді ойсырата ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Келесі айналымда ол 10 қарашада жапониялық Томоя Цубоимен жұдырықтасады. Екі боксшы да былтырғы Әлем чемпионатында топ жарған (Бибосынов 51 кг дейін, Цубои 54 кг дейін).
Өкінішке қарай, Амман төрінде Аида Әбікеева тек бір кездесумен шектелді. Ширек финалында жапониялық Маи Кито Аидадан айласын асырды.
Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкімова (70 кг) үндістандық Пужаның осал тұсын тауып, жартылай финалда жұдырықтасатын болды.
Осы кеште рингке шыққан соңғы қазақстандық Валентина Хальзова (75 кг) үндістандық Ловлина Боргоянның мықты екенін мойындауға мәжбүр болды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев