7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстан құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің төртінші жарыс күні бастады. Бүгін үш боксшы алаңға шығады. Әттеген-айы қазақ-өзбек дербиінде әлі жеңіске жете алмай келеміз.
Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 09:00 басталады. Әзірге 51 келі салмақта Алуа Балқыбекова шаршы алаңға шықты. А рингінде Венесуэла өкілі Ирисмар Кардозомен жұдырықтасты. Отандасымыз жекпе-жекте қорғаныс пен шабуылда да нәтижелі қимылдап, 4:1 есебімен басым түсті.
6-жұп. 65 келі. 1/8 финал. А рингі
Санатәлі Төлтаев - Патрис Мугалзаи (Англия)
9-жұп. 54 келі. 1/4 финал. А рингі
Назым Қызайбай - Виктория Рогалинска (Польша)
Жұбаныш: үшінші күні Абылайхан Жүсіпов жеңіске жетті
Алдымен, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 60 келіде ел чемпионы саналатын Серік Теміржанов 1/8 финалда АҚШ-тың жас боксшысы Салим Еллис Беймен кездесті. Төрешілер бірауыздан жеңісті америкалық боксшының пайдасына жазды. Осылайша, Теміржанов жарыс жолын аяқтады.
Одан кейін Абылайхан Жүсіпов Әлем кубогында бірінші жеңісін тіркеді. Әлем чемпионы, 70 келідегі тәжірибелі боксшылардың бірі саналатын Абылайхан Жүсіпов 1/8 финалда өткен Әлем кубогының финалисі Кайан Рейеспен (Бразилия) жұдырықтасты. Жекпе-жекті толықтай бақылауда ұстаған отандасымыз 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Кешкі сессияда Сабыржан Аққалықовтың кездесуін асыға күттік. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 80 келіге көтерілген Сабыржан Аққалықов 1/8 финалда осы салмақтың көшбасшысы Жавохир Умматалиевпен (Өзбекстан) түйісті. 3 раунд бойы жоғары қарқында өткен жекпе-жекте төрешілер 3:2 есебімен өзбек боксшысы алға шықты.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?