Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТүркістан облысының экс-әкімі Өмірзақ Естайұлы бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа пәтер кілтін табыстаған болатын. Пәтер «Сырдария» тұрғын үй кешенінде орналасқан еді. Бұл туралы блогер Олжас Мамыр Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірақ бұның бәрі өтірік болып шықты. Ол үйді Сәкеннің атына әлі аудармаған. Берілген баспана арендалық үй. Turkistan Sport үйді қашан табыстайсыздар? Әлде барлық жерде осылай дүркіретіп беріп, көзбояушылыққа өттіңіздер ме? Қанат аға, өтініш тез реттеп берсеңіз. Әйтпесе басқада дүниелердің арты ашылады. Ақша жинауға байланысты. Үйді берсеңіздер, менде тынышпын. Бермесеңіздер, Ақордаға шығуға мәжбүрміз, - деп жазды блогер.
Блогер Түркістан облысының қазіргі әкімі Дархан Сатыбалдыға өтініш жасады.
Құрметті, Дархан аға! Сізден үлкен өтініш. Облыстың спортына назар аударсаңыз. Спортшыларды демеу орнына артты шикі тірліктер жасалып жатыр. Бұл деңгейде кетсек, облыстан чемпиондар қашып кетеді. Париж алтын алады деген үміт Сәкенде көп. Ертең бетіне қарай алмай тұрмайық, - деп жазды ол.
Оның сөзінше, боксшы Түркістанға қоныс аударғысы келген.
«Алда Түркістанға қоныс аударамын. Осында жаттығамын. Жаңадан құрылып жатқан «Тұран» бокс клубында жаттығу жасап, әрі жастарға шеберлік сабағын өткізуді жоспарлап отырмын» деген Сәкен Бибосынов әлі қоныс аудара алмай жүр, - деп жазды Олжас Мамыр.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды