12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бокстан әлем чемпиондарына пәтер кілті табыс етілген мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің ресми сайтының жазуынша, Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбайды қала әкімі Жеңіс Қасымбек қабылдаған.
Елордалық боксшыларымыз 2023 жылғы Ташкентте өткен әлем чемпионатында үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбай алтын жүлдегер атанды! Бүгін оларға демеушілер есебінен үш бөлмелі пәтердің кілттерін табыс еттік. Сол сияқты жаттықтырушылардың да еңбегін назардан тыс қалдырмадық. Бұл жеңістің артында үлкен еңбек пен үздіксіз дайындық, спортшылардың өзіне деген сенімділігі жатыр! Боксшыларымыздың ары қарай да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруін тілеймін!» – деп жазды елорда әкімі.
Бұған дейін Ташкентте бокстан өткен әлем біріншілігінде Қазақстан ұлттық құрамасының 5 спортшысы финалға шығып, 4-і әлем чемпионы атанған еді. Олардың арасында 48 келіде Санжар Тәшкенбай, 54 келіде Сабырхан Махмұд, 71 келіде Асланбек Шымбергенов пен 80 келіде Айбек Оралбай барлық кездесуде жеңіске жеткен еді. Сонымен бірге, 67 келіде ел намысын қорғаған Дулат Бекбауов күміспен күптелді.
Сондай-ақ, Жамбыл облысының әкімдігі Асланбек Шымбергенов пен Дулат Бекбауовқа 3 және 2 бөлмелі пәтер берсе, Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов Сабырхан Махмұдқа да баспана кілтін табыстаған болатын.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер