Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТашкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін ұлттық құрамасының үш боксшы жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
8 мамырда сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда 54 келідегі Махмуд Сабырхан (венгриялық Иштван Сакоймен шеберлік байқасады.
Ал кешкі сессияда 48 келіде Санжар Ташкенбай өзбекстандық Шодиержон Меликузиевпен кездессе, оныншы жұпта Сағындык Тоғамбай (86 келі) тағы бір өзбекстандық Шохжахон Абдуллаевпен айқасқа шықпақ.
Әлем чемпионаты басталғалы бері төрт боксшы жарысты аяқтады. Олардың қатарында, Сәкен Бибосынов, Талғат Сырымбетов, Санатәлі Төлтаев пен Айбек Оралбай сынды боксшылар бар.
Сондай-ақ, 1/16 финалда Үндістан боксшысы Дипак Кумарға есе жіберген Сәкен Бибосыновтың нәтижесіне бапкерлер келіспейтіндіктерін білдіріп, шағым түсірген еді. Алайда төрешілер шешімі еш өзгеріссіз қалды.
Бұған дейін 67 және 71 келіде сынға түскен боксшылар жеңіске жеткен болатын. Бүгінгі сында ұлттық құраманың тағы үш мүшесі сынға түседі. Олардың қатарында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев та бар.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары