Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматы қалалық Полиция департаменті бокстан әлем чемпионы Жанқош Тұраровқа қатысты дау туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізде болса, 21 тамызда 1996 жылы туған бойжеткен Алматының Әуезов аудандық полициясына Тұраровтың өзін зорлағаны туралы шағыммен келген. Көп ұзамай полиция қылмыстық іс қозғалғанын алға тартқанымен, боксшының өзі бұл сөздерді жоққа шығарды.
Осы орайда тілшілер тағылған айыпқа екі айдан асса да Жанқош Тұраровтың неліктен бостандықта жүргенін сұраған.
Іс жүргізу аясында сот-медициналық және сот-биологиялық сараптамалар жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша зорлау фактісі расталған жоқ. 20 қазанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағының негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы түпкілікті шешім қабылданды.
Қабылданған шешіммен Әуезов ауданының прокуратурасы келісті, - делінген полиция жауабында.
Айта кетейік, бұған дейін Әнару Қалдыбекқызы есімді ару "Жанқош Тұраров зорлады" деп полицияға шағымданған еді. Ал Жанқош Тұраров пен оның адвокаты алғашқы күннен бастап-ақ бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары