Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСербия астанасы Белградта бокстан Бранко Пешич дәстүрлі мемориалының бірінші күні өтті. Турнирдің алғашқы күні шаршы алаңға Қазақстанның үш боксшысы шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бокс федерациясының мәліметінше, 71 келі салмақ дәрежесіндегі Сабыржан Аққалықов дода қожайыны Антонио Биссетті еш қиындықсыз 5:0 есебімен жеңді. Өкінішке қарай, екі боксшымыз жеңіліс татты. 63,5 келі салмақ дәрежесіндегі Ерасыл Таңқай армениялық боксшы Нарек Хоранисяннан жеңілді. Төрешілер 1:4 есебін тіркеді. Ал алғашқы айналымда-ақ 2023 жылғы әлем чемпионы ресейлік Шарапутдин Атаевпен кездескен Темірлан Мұқатаев төрешілер шешімімен қарсыласына есе жіберді.
Бүгін Белград шаршы алаңына тағы төрт боксшымыз шығады:
57 келі. Оразбек Асылқұлов (Қазақстан) - Эдуард Саввин (Ресей)
71 келі. Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) - Ромэо Буза (Венгрия)
75 келі. Диас Молжігітов (Қазақстан) - Владимир Губаш (Сербия)
80 келі. Ерасыл Жақпеков (Қазақстан) - Идрис Айтхан (Бельгия)
Естеріңізге сала кетейік, 17 наурызға дейін жалғасатын турнирде әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысуда. Қазақстан құрамасы Белградқа 12 боксшымен барды. Дегенмен турнирдегі қатысушылар санына сәйкес, 48 келідегі Ернұр Қайрат автоматты түрде финалға шықса, 51 келідегі Санжар Тәшкенбай, 54 келідегі Дәулет Молдашев және 92 келідегі Данияр Рахымбердинов турнирді жартылай финалдан бастайды.
Әлбетте, үш боксшымыз жартылай финалға шығып қойды, біреуі финалда. Дегенмен жеңімпаз болуы үшін оларға қарсыластарын жеңуі қажет. Алдымызға сондай мақсат қойып отырмыз. Жалпы, бұл турнир боксшыларымыз үшін спорттық бабында болуға, халықаралық бәсекенің шаршы алаңын сезінуге жақсы мүмкіндік, - деді аға жаттықтырушы Талғатбек Жақпеков.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары