Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еске салсақ, Қамшыбек Ханчжоу (Қытай) қаласында өткен ХІХ Жазғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанып, Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, Нәлібаев боксшының дайындық барысы туралы сұрап, алдағы дүбірлі додадан жеңіспен оралуына тілектестік білдірді.
Қамшыбек, біз сені мақтан тұтамыз! Бүгінгі жеткен биігің – жастайыңнан осы спорт түрін таңдап, табандылық танытқан қажырлы еңбектің нәтижесі, ата-анаң, жанкүйерлердің тілегі мен батасының арқасында деп білеміз. Әрбір сырбойылық спортшының жетістігіне қуанамын. Ел спортының мәртебесін асқақтатып, халықтың рухын көтерген жеңіс үшін барша Сыр жұртшылығының атынан алғыс білдіреміз. Олимпиада ойындарына қатысып, жеңіс тұғырынан көріну – әр спортшының арманы. Бұл – еңбексүйгіштіктің, патриотизм мен өз күшіне деген сенімнің үлгісі. Чемпиондарымызға қарап, мыңдаған жастың спортқа деген құлшынысы артады. Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – елдің ыстық ықыласы мен тілегін жеткізу. Арқа сүйейтін, тілеуіңді тілейтін қалың еліңнің, жерлестеріңнің атынан өзіңді қолдау әрі ынталандыру үшін арнайы сый-сияпат жасап, баспана кілтін табыстауды жөн көрдік, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Өз кезегінде спортшы Олимп шыңын бағындыруға бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.
Кездесу соңында облыс әкімі өңір халқының атынан Қамшыбекке пәтер кілтін табыстады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары