23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ұлттық құрама боксшысы Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының жартылай финалында қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бокстан Қазақстан құрамасының бірінші медалін қоржынға салған спортшы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы қытайлық У Юға есе жіберді.
«Қазақстандық боксшыны рингте көрсеткен тамаша жекпе-жегімен және Олимпия ойындарының қола жүлдесімен шын жүректен құттықтаймын! Жекпе-жекте төрешілер Назымның қолын көтермесе де, отандасымыз шаршы алаңда жеңіс үшін аянып қалған жоқ. Рингте өз шеберлігін, жеңіске деген ерік-жігерін көрсете білді. Қазақстан бокс әлеміндегі ең үздік құрамалардың бірі екенін дәлелдеді. Бұл жүлдеде жаттықтырушылардың да еңбегі зор. Біз Назымның жарқын жеңістері әлі алда екеніне сенімдіміз! Осылайша, Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толығып отыр. Біз спортшыларымызбен мақтанамыз. Тек алға!», - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік