23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Атырау облысы Махамбет ауданында халықты толықтай эвакуациялау басталды, дабыл қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Махамбет ауданы Жалғансай ауылында түн ортасында бөгет бұзылды.
ТЖ жөніндегі облыстық жедел штабтың мәліметінше, дәл қазір ауылдық дәрігерлік пунктті су басу қаупі төніп тұр. Жағдайды тұрақтандыру үшін облыс орталығынан қосымша күштер мен ресурстар тартылды. Облыс әкімі төтенше жағдай орнына барды.
Сағат 01.20 дабыл сигналдары қосылды. Ауыл тұрғындарын мектеп ғимаратына, сонымен қатар облыс орталығына эвакуациялау басталды. Тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ,-делінген жедел штаб мәліметінде.
Қазір төтенше жағдайды жоюға Қорғаныс министрлігінің жеке құрамының 15 техникасы мен 50 сарбаз жұмылдырылған.
Айта кетейік, Жалғансай ауылы аудан орталығы Махамбет ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан. Жалғансай ауылындағы халық саны 1286 адамды құрайды. Тұрғын үйлер саны – 237.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік