30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕрейментау қаласы маңындағы ипподромда Қанжығалы Бөгенбай батырдың 345, Саққұлақ бидің 225 және Сәдуақас Ғылманидың 135 жылдық мерейтойларына арналған ауқымды іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы e-history.kz сайтына сілтеме жасап.
Ерекше атап өтерлігі – мереке мемлекеттік бюджет қаражатынсыз, жергілікті бастамашыл азаматтардың қолдауымен ұйымдастырылды. Шара аясында өткен салтанатты жиын мерекелік концертпен басталып, ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасты. Конференцияға белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысып, тарихи тұлғалардың ел тарихындағы рөліне тоқталды.
Тарихи тұлғаларға тағзым ретінде ұйымдастырылған бұл мерекеде Ақмола облыстық филармониясы мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті. Қазақстанның әр өңірінен келген меймандарға арнап 25 киіз үй тігілді. Ұлттық спорт түрлері бойынша өткен сайыстар да мерекенің көркін аша түсті. Көкпар жарысына 8 команда қатысып, аламан бәйгеде 22 тұлпар бақ сынады. Бас жүлде – автокөлік иесін тапты. Құнан бәйгеде 15 ат жарысқа түсіп, жеңімпаздарға мотоциклдер табысталды. Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өткен жарыстарда үш салмақта жеңімпаздар анықталып, оларға да мотоцикл мен ақшалай сыйлықтар берілді.
Іс-шараны «Ереймен Елі» қоғамдық бірлестігі өз қаржысы есебінен ұйымдастырды. Сонымен қатар Ақмола облысы әкімдігі мен жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырушылық қолдау көрсетті. Облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев мерекелік бағдарламаның орындалуын жеке бақылауына алып, барлық іс-шараларға қатысты.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды