23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБоччадан Сұлтан Орынбасаровты еске алуға арналған ашық республикалық турнир аяқталды, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, боччадан ашық республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды.
Еліміздің 10 аймағынан 70-ке жуық спортшы бас қосқан жарыс 3 күнге жалғасып, жасөспірімдер және ересектер арасында жеңімпаздар белгілі болды.
Республикалық жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласы 3-орынды, Павлодар облысы 2-орынды, Жетісу облысы 1-орынды иеленді.
Турнирдің шешуші күні жүлдегерлерді марапаттауға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Туризм және спорт министрлігінің вице-министрі Серік Жарасбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысты.
Мәулен Әшімбаев жарыс өте тартысты өткенін айтып, Паралимпиада бағдарламасына кіретін спорт түрінде еліміздегі бәсекелестіктің күшейгенін атап өтті.
Қазақстан бочча федерациясының президенті қатысушыларға алғысын білдіріп, боччаны дамытуға қарқынды үлес қосып жүрген аруларымызға жеке алғысын білдірді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта республикалық және аймақтық деңгейде бірнеше жарыстар өткізіледі.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады