30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында елордада жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз негізде гранттар бөлінеді. Грант алу үшін өтінімдерді қабылдау 19 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
IV лекте 340 өтінімді қабылдау жоспарланып отыр, оның ішінде 224-і – жастар үшін және 116-сы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін. Өтінімдерді қабылдау кезең-кезеңімен «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады.
Гранттар биыл халықтың нақты бір топтары үшін ғана көзделген:
- 29 жасқа дейінгі жастар;
- атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
- көпбалалы отбасы мүшелері – көп балалы отбасы бойынша жәрдемақы алушы және (немесе) оның жұбайы (зайыбы);
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
- қоныс аударушылар, қандастар;
- жұмыс істей алатын мүгедектігі бар жандар;
- асыраушысынан айрылған адамдар – асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушы;
- мүгедек баланы (мүгедек балаларды) және (немесе) оның жұбайын тәрбиелеп отырған адамдар жатады.
Биыл өтінімдерді қабылдау кезең-кезеңімен 4 лек аясында жүзеге асырылатын болады. I лек (2022 жылғы 1-14 сәуір), II лек (2022 жылғы 8-19 тамыз), III лек (2022 жылғы 29 тамыз-9 қыркүйек), IV лек (2022 жылғы 19-30 қыркүйек).
Толық ақпарат алу үшін Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайы, тел.: 24-94-72, 8-700-956-98-10.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды