29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыGlovo компаниясы Алматыда балалар арбасына дәрет сындырған курьерге қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Курьердің әдепсіз әрекеті видеоға түсіп қалған. Заттың иесі видеоны Threads-қа жүктеп, Glovo компаниясынан түсініктеме беруін сұрады.
Сейфуллин атындағы тұрғын үй кешенінде болған оқиғаға қатысты бейнежазбаның таралуына келсек, Glovo компаниясы келесіні мәлімдеуді қажет деп санайды. Аталған адам 2025 жылы 25 қыркүйектен бастап Glovo-да жұмыс істемейді. Glovo компаниясы курьерлерді қосу және қызмет сапасын бақылау барысында қатаң стандарттарды ұстанады. Платформа белгіленген этикалық және кәсіби нормаларға сәйкес келмейтін тұлғаларды жедел анықтап, толық бұғаттауға мүмкіндік беретін мониторинг жүйесін қолданады. Тиісті шаралар аталған оқиғадан әлдеқайда бұрын қабылданған, – делінген компанияның ресми мәлімдемесінде.
Glovo компаниясы тергеу аясында құқық қорғау органдарымен толық көлемде ынтымақтастық жасауға дайын екенін жеткізді.
Біз болған іске байланысты шынайы алаңдаймыз және мұндай әрекеттер компания құндылықтарына түбегейлі қайшы келетінін атап өтеміз, – деп хабарлады Glovo.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек