Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАйтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның келіні, блогер Мадина Жәниева да тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдіріп, ойын ортаға салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзіне қарағанда, шетелде оқып жүріп зорлық-зомбылық жайлы жоба қорғаған.
Гонконгте оқып жүріп бірінші курста тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жоба қорғадым. Бұл туралы ата-анама айтқанда, олар шошып кетті. «Сен ешқашан мұндайды көрмеп едің ғой, неге бұл тақырыпты таңдадың?» деп сұрады. Болашақ үшін осындай қадамға барғанымды, мен атсалыспасам, кім атсалысады деп түсіндірдім. Егер біз, әйелдер, өз құқығымыз бен қауіпсіздігіміз үшін күреспесек, онда кім күреседі?! – деді ол.
Блогер біздің қоғамда ер адамдарға тым жақсы жағдай жасалғанын айтады. Сондықтан да әйелдер көмек сұраудан қорықпауы керек деп отыр.
Соңғы күндердегі оқиғалар «маған бәрібір» деп отыруға болмайтынын дәлелдеді. Себебі бұл әрбірімізге қатысты. Үнсіздіктің кесірінен жазасыз қалу мәдениетін дамытып жатырмыз. Қазақтың салт-дәстүрі мен жергілікті менталитет ер адамдарға күшті жағдай жасап қойған. Өзіңді ер адаммен тең екеніңді сезіну үшін шетелдікке тұрмысқа шығу керек екен. Сондықтан, құрметті әйелдер, үнсіз қалмаңыздар. Сізді адам құрлы көрмейтін қарым-қатынастан қашыңыз. Әйтпесе өзіңізді жоғалтып аласыз. Шекараңызды қорғауға тырысып, тұрмыс құруға да асықпаңыз. Жолдасыңызды жақсылап таныңыз. Көмек сұраудан, мәселені айтудан қорықпаңыз, - деді Жәниева.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс