Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБұған дейін құқық қорғаушы Дина Смайылова депутат Қарақат Әбденді мандатынан айыру керегін айтып, петиция жариялаған еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дина Смайылова Қазақстанда шетелдікке тұрмысқа шыққаны үшін салық салу туралы ұсыныстан кейін наразылығын білдірген.
Дина Таңсәрі, әрине, азамат ретінде кез келген шешім қабылдай алады. Бірақ нақты сұрақтары болса, оған осында келуді немесе кездесуді ұсынамын. Кез келген сұраққа жауап беруге дайынбыз", – деді "Ауыл" фракциясының төрағасы Анас Баққожаев.
Сонымен қатар Баққожаев фракцияның депутаттарға жеке пікірін білдіруге тыйым сала алмайтынын мәлімдеді.
Біз тыйым салмаймыз. Әр депутаттың жеке пікірі бар. Қарақат Әбден бұған дейін, президент сайлауына қатысқанда да бұл туралы айтқан. Фракцияның позициясы бөлек, депутаттың позициясы бөлек. Сондықтан бұл сұрақ фракцияда қаралады", – деп түйіндеді ол.
Анас Баққожаевтың айтуынша, фракция Қарақат Әбденнің ұсынысын әрі қарай дамытпайды. Себебі бұдан басқа да мәселелер бар дейді ол.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек